Футзал

Футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионаты алдында мәлімдеме жасады

Футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына дайындықты бастады

Қазақстан құрамасы Алматыда футзалдан әлем чемпионатына дайындықты бастады, деп хабарлайды Dopmedia.kz хабарлайды.

Оқу-жаттығу жиыны 18 тамызға дейін жалғасады. Бұл дайындық кезеңі адаптация сипатында өтеді.

Одан кейін құрама Астанаға келіп, 5 қыркүйекке дейін жаттығуларын жалғастырады. Осы кезеңде команда Тәжікстанға қарсы екі матч өткізеді, олар 22 және 24 тамызда "Сайран Арена" спорт кешенінде өтеді.

Кака жетекшілігіндегі команда 30 тамыз және 1 қыркүйекте Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында Иран құрамасына қарсы екі жолдастық матч өткізеді.

Қорытынды дайындық кезеңі 6-10 қыркүйек аралығында Алматыда өтеді. Осы кезеңде Қазақстан құрамасы 7 қыркүйекте "Алматы Арена" спорт кешенінде Аргентинаға қарсы матч өткізеді.

Иран және Аргентина құрамалары ФИФА рейтингінде топ-5 қатарына кіреді. Иран құрамасы төртінші орында, ал Аргентина бесінші орында тұр. Қазақстан құрамасы рейтингте сегізінші орында орналасқан.

Еске сала кетейік, әлем чемпионаты 14 қыркүйек пен 6 қазан аралығында Өзбекстанда өтеді. Топтық кезеңде Қазақстан Испания, Ливия және Жаңа Зеландия құрамаларына қарсы ойнайды.