Ерлер

Максим Самородов ақыры дегеніне жетті

Максим Самородов "Ахматқа" ауысты

Қазақстандық шабуылшы Максим Самородов ресми түрде грозныйлық «Ахмат» футбол клубының ойыншысы атанды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп Dopmedia.kz хабарлайды.

Биылғы Қазақстан чемпионатының маусымында 22 жастағы Максим Самородов 13 матч өткізіп, 5 гол соғып және 2 нәтижелі пас берді. Сондай-ақ, оның есебінде Конференция лигасында өткізген екі ойын бар, алайда ол ойындарда нәтижелі әрекеттермен көзге түспеген.

Transfermarkt интернет-порталы футболшының құнын 1,2 миллион еуроға бағалап отыр.