Жаңалықтар

Хабибтің жағдайы мәз емес: файтердің мүлкі толық тәркіленді

Хабиб Нурмагомедовтың 440 миллион теңгелік мүлкі мемлекет тарапынан тәркіленді

UFC-дің экс чемпионы Хабиб Нурмагомедовтың мүлкі 440 миллион теңгеге тәркіленді,-деп хабарлайды Dopmedia.kz тілшісі. 

Хабибтің салық комитетінің алдында 302 миллион рубль (1,7 миллиард теңге) көлемінде қарызының болуы мемлекет тарапынан бұл әрекетке алып келген. 

Тәркіленген мүліктің ішінде: Дағыстандағы отбасының үйі, екі Mercedes, екі Toyota және жалпы құны 813 000 долларды құрайтын BMW мен Ferrari кіреді.