Ерлер

"Астана" румыниялық клубтың алдын орай ала ма?

Румынияда УЕФА Конференция лигасының матчы өтеді

Қазақстандық "Астана" футбол клубы УЕФА Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчқа қатысу үшін Румынияға аттанды. Команда жергілікті "Корвинул" клубымен кездеседі, деп Dopmedia.kz хабарлайды.

Команда Алматы – Стамбул – Бухарест бағытындағы тұрақты рейсте ұшты.

Матч 8 тамызда Румынияның Сибиу қаласында өтеді. "Корвинул" клубының негізгі стадионы еурокубоктық матчтарды қабылдай алмайтындықтан, ойын Сибиуда өтеді.