Үлкен теннис

Уимблдон-2024: Рыбакинаның үшінші қарсыласы анықталды

Australian Open-2018 жеңімпазы, әлемнің 91-ші ракеткасы даниялық Каролин Возняцки Ұлыбританияның Ашық чемпионатында өзінің екінші ойынын тамамдады.

Возняцки канадалық теннисші Лейла Фернандеспен көгал төсеншіде кездесіп, үш сетте нәтижелі жеңіске жетті. Жалпы есеп 6:3, 2:6, 7:5. Кездесу 2 сағат 24 минутқа созылды. 

Чемпионаттың 1/16 финалында даниялық теннисші Лаура Зигмундтан асып түскен қазақстандық Елена Рыбакинамен кездеседі.