Данияда жүрген қазақстандық қақпашы ірі есеппен жеңді
Дулат Талыспаев бұл ойында ерекше көзге түсті
Қазақстандық жас қақпашы Дулат Талыспаев өнер көрсететін даниялық «Кёге» футбол клубы Дания Кубогының 1/16 финалдық кезеңіндк «ФА 2000» командасын 5:1 есебімен жеңді, деп Dopmedia.kz хабарлайды.
«ФА 2000» (Дания) – «Кёге» (Дания) – 1:5
Голдар:
Софус Соодергаард, 45 (ФА 2000)
Кристиан Туэ Йенсен, 53 (Кёге)
Йоахим Ротманн, 64, 78 (Кёге)
Джафар Ариас, 80, 88 (Кёге)
18 жастағы қазақстандық қақпашы Дулат Талыспаев матчты негізгі құрамда бастап, толық ойнап шықты.