Жаңалықтар

Тағы бір қазақстандық спортшы ширек финалда бақ сынайды

Сергей Емельянов ширек финалда өнер көрсетеді

Каноэде ескек есуден ерлер арасында жекелей сайыста Сергей Емельянов Париж Олимпиадасының іріктеу кезеңінде бақ сынады. Бұл туралы Dopmedia.kz хабарлайды. 

1000 метрге каноэде ескек есуден ерлер арасында жекелей жарыста Сергей Емельянов өнер көрсетіп, өз тобында сынға түскен бес спортшының ішінен мәреге төртінші болып келді. Оның көрсеткіші – 4:05:31. 

Сайыстың ережесі бойынша әр топта үздік атанған 2 спортшы жартылай финалға тікелей жолдама алады. Ал кейінгі орынға жайғасқан спортшылар ширек финалда бақ сынап, жартылай финалға өтуге тырысады.