Қазақстандық таеквондошы соңғы секундта ұтылып қалды
Қазақстандық таеквондошы Олимпиада чемпионына жеңілді
Қазақстандық таеквондошы Самирхон Абабакиров Париж Олимпиадасының 1/8 финалдық кезеңдегі жекпе-жегін өткізді. Бұл туралы Dopmedia.kz хабарлайды.
58 кг дейінгі салмақ дәрежесінде Самирхон Абабакиров алғашқы жекпе-жегінде италиялық Вито Делль'аквилеге қарсы бақ сынады. Нәтижесінде қазақстандық спортшы 1:2 (12:6, 3:4, 3:7) есебімен есе жіберіп қойды.
Жекпе-жектің соңына дейін басымдықты сақтап келген қазақстандық спортшы кездесудің аяқталуына 13 секунд қалған кезде қарсыласы ұрымтал сәтті тиімді пайдаланып, жеңісті жұлып алды.