«Астанадан» «Елімайға»: Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы клуб ауыстырды
Семейлік ФК «Елімай» клуб сапы жаңа ойыншымен толыққанын хабарлады. Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Аслан Дарабаев енді алаңда ақ-жасылдардың намысын қорғайды.
Сонымен қатар, келісім-шарттың егжей-тегжейлері де әлі белгісіз.
Айта кетейік, 35 жасар футболшы қыстыгүні «Астана» сапынан кетіп, бүгінгі күнге дейін клубсыз жүрген.