Қазақ бапкері Тунис еліне жеңіс сыйлады
Қазақ бапкері Тунис спортшыларын жаттықтырады
Франция астанасы Париждегі жазғы Олимпиада ойындарында Тунис құрамасы таеквондодан қола медальға қол жеткізді. Бұл жетістікті 58 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Мохамед Халил Джендуби еншіледі, деп Dopmedia.kz хабарлайды.
Еске сала кетейік, Есбол Сұлтанов 2023 жылдың қыркүйек айында Тунис құрамасының бас бапкері болып тағайындалған болатын. Оның жетекшілігімен Тунис құрамасынан төрт таеквондошы Олимпиадаға жолдама алған еді.
Есбол Сұлтанов спортшы ретінде 2007 жылы Бейжіңде өткен әлем чемпионатында ерлер арасында 72 кг дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынаған. Сондай-ақ 2006 жылы Дохада өткен Азия ойындарында және 2007 жылы Бангкокта өткен жазғы Универсиадада өнер көрсеткен.