Күрес

Қазақ балуаны тосын жағдайға тап болды

Азамат Дәулетбеков жеңіліс тапты

Еркін күрестен Қазақстан құрамасының мүшесі Азамат Дәулетбеков Париж Олимпиадасының алғашқы айналымында жеңіліс тапты. Бұл туралы Dopmedia.kz хабарлайды. 

Ерлер арасында 86 кг дейінгі салмақ дәрежесінде Азамат Дәулетбеков 1/8 финалдық кезеңінде АҚШ балуаны Аарон Брукспен кездесіп, 3:4 есебімен есе жіберіп қойды.