Қазақстандық "өрмекші адам" жартылай финалға шыға алмады
Әмір Маймұратов ширек финалда жеңіліс тапты
Парижде өтіп жатқан жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстанның басты үміттерінің бірі саналған Әмір Маймұратов ширек финал кезеңінде сәтсіздікке ұшырады, деп Dopmedia.kz хабарлайды.
«Жылдамдық» дисциплинасында 1/4 финалда Әмір Маймұратов Иран спортшысы Реза Алипурмен кездесіп, қарсыласына жол берді. Алипур трассаны 5,57 секундта өтіп, Әмір Маймуратовтың 6,14 секундтық нәтижесінен озып кетті.
Айта кету керек, Амир Маймуратов 1/8 финалда 4,89 секундтық нәтижемен Олимпиада рекордын орнатқан болатын. Алайда, Ведрик Леонардо бұл нәтижені 4,79 секундқа дейін жаңартып, Әмірдің рекордын бұзған.