Жаңалықтар

Қазақстан медаль кестесінде нешінші орында тұр?

Қазақстан құрамасы алғашқы отыздықтан шығып қалды

Парижде өтіп жатқан жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстан медаль кестесінде төмендеп қалды. Бұл туралы Dopmedia.kz хабарлайды.

Олимпиаданың медаль кестесінде көшбасшы тағы да өзгерді. АҚШ құрамасы 30 алтын, 38 күміс, 35 қола еншілеп, көш бастады. Ал Қытай 29 алтын, 25 күміс, 19 қола иеленіп, екінші орында тұр. Ал үшінші орынға Аустралия құрамасы (18 алтын, 14 күміс, 13 қола) жайғасқан.

Қазақстан құрамасы 1 алтын, 3 күміс, 3 қола медаль еншілеп, 31-орынға тұрақтады.