Ерлер

Футболдан Олимпиада ойындарының қола жүлдегері анықталды

Мысырлықтар қола медаль үшін таласта жеңіліс тапты

Марокконың ерлер футбол құрамасы Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында қола медальді жеңіп алды, деп Dopmedia.kz хабарлайды.

Үшінші орын үшін өткен матчта марокколық футболшылар Мысыр құрамасын 6:0 есебімен ойсырата жеңді. Бұл ойында Эз Абде, Суфьян Рахими (екі гол), Билал Эль-Ханнус, Акрам Накаш және Ашраф Хакими мергендік танытып, гол соқты.

Осылайша, Марокко құрамасы Олимпиада-2024 ойындарының қола медаліне ие болды.