Жаңалықтар

18 жастағы қазақстандық таеквондошы жеңіске жетті

Батырхан Төлеуғали жеңіске жетті

Таеквондодан Қазақстан құрамасының мүшесі Батырхан Төлеуғали Париж Олимпиадасындағы алғашқы кездесуінде жеңіске жетті. Бұл туралы Dopmedia.kz хабарлайды. 

Таеквондодан 80 кг дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Қазақстан құрамасының мүшесі Батырхан Төлеуғали Олимпиаданың алғашқы айналымында Мали спортшысы Исмаэль Кулибалиді 2:1 есебімен жеңді.

Қазақстандық таеквондошы Батырхан Төлеуғали 1/8 финалдық кезеңде екі дүркін әлем чемпионы италиялық Симоне Алессиомен шеберлік байқасады.