"Қазақ крашын" әлем чемпиондары қолдады (видео) Richard Pelham/Getty Images. Суретте: боксшы Нұрбек Оралбай

Нұрбек Оралбайды әлеуметтік желіде қолдап жатыр

Қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай Париж Олимпиадасының финалынан кейін Instagram желісіндегі парақшасына жан тебірентерлік видео жариялады. 80 кг дейінгі салмақ дәрежесінде күміс медаль алған спортшыны басқа спортшылар да қолдады, деп Dopmedia.kz хабарлайды.

Нұрбек Оралбай Олимпиада финалында украиналық Александр Хижнякқа есе жіберіп, күміс жүлдегер атанды. Әлеуметтік желіде боксшы марапаттау сәтін түсірген видеосын бөлісті. Видеоға файтер Хабиб Нурмагомедовпен жекпе-жектен кейін жеңіліс тапқан Дастин Порьенің сөзі таспаланған:

"Мен чемпион болғым келді. Өзімді жаншылған адамдай сезініп тұрмын", – делінген видеода.

Бұл видеоға көптеген танымал қазақстандық чемпиондар өз пікірлерін қалдырды.

"Чемпион!", – деп әлем чемпионы Санжар Ташкенбай қолдау білдірді.

"2028 жылы Лос-Анджелесте алтын аласың", – деп еркін күрестен әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан қуаттады.

"2028 жылы чемпион боласың, батыр!" – деп панкратионнан әлем чемпионы Нұрбек Қарабала пікір білдірді.

Сондай-ақ, әлем чемпионы Махмұд Сабырхан, актер Бағлан Әбдірайымов, продюсер Нұрлан Қоянбаев және басқа да танымал тұлғалар боксшы Нұрбек Оралбай қолдап, пікір жазды.

Бір тәуліктен аз уақыт ішінде видео 600 мың қаралым мен мыңдаған пікір жинады.