КПЛ-де 50 ойын өткізіп, тек 1 гол соққан ойыншы кім?
Марат Быстров Премьер-лигада 50 ойынға қатысты
32 жасар «Астана» футбол клубының қорғаушысы Марат Быстров КПЛ-де 50 ойын өткізді,-деп хабарлайды Dopmedia.kz тілшісі.
Ол өзінің алғашқы ойынын 2018 жылы «Қайсар» – «Тобыл» матчында өткізген болатын. Қостанайлық клубтың сапында жалпы 14 ойын өткізіп, 1 гол салды.
Сонымен қатар, «Ордабасы» командасымен 27 ойын, ал ФК «Астана» алаңында 9 ойын өткізді.