Жаңалықтар

18 жастағы қазақстандық таеквондошы әлем чемпионына қарсы тұра алмады

Батырхан Төлеуғали екінші кездесуінде жеңіліс тапты

Париж Олимпиадасы аясында таеквондодан Батырхан Төлеуғали 80 кг салмақ дәрежесінде ширек финалға жолдама ала алмады, деп Dopmedia.kz хабарлайды.

1/8 финалдық кезеңде Батырхан Төлеуғали әлемнің екі дүркін чемпионы, италиялық Симоне Алессиомен кездесті. Алғашқы раундта қарсыласы 6:0 есебімен жеңіске жетсе, екінші раундта 3:1 есебімен басым болды.

Нәтижесінде, Алессио жалпы жеңісті иеленіп, ширек финалға өтті. Егер италиялық спортшы финалға дейін жететін болса, Батырхан Төлеуғали үшінші орын үшін күресу мүмкіндігіне ие болады.