Қазақстандықтар ескек есуден 11 орын алды
Мария Бровкова мен Руфина Искакова финалда өнер көрсетті
Париж Олимпиадасында екі адамдық каноэде есуден (500 метр) В финалы аяқталды, деп хабарлайды Dopmedia.kz
Бұл сында Қазақстан атынан Мария Бровкова мен Руфина Искакова түскен болатын.
Қазақстандықтар өз тобында үшінші орын алып, жалпы есепте 11-сатыға жайғасты.