Бокс

Қазақ үшін есе қайтарған өзбек бауырымыз Олимпиада чемпионы атанды

Лазизбек Муллажонов Олимпиаданың алтын медаль иегері атанды

Францияда Париж Олимпиадасы аясында бокстан 92 келі салмаққа дейін күш сынасқан өзбекстандық Лазизбек Муллажонов алтын медаль иегері атанды,-деп хабарлайды Dopmedia.kz тілшісі. 

Өзбек бауырымыз шаршы алаңда әзірбайжандық Лорен Берто Альфонсо Домингеспен кездесті. Лазизжан қарсыласын 5:0 есебімен жеңіп, Олимпиада чемпионы атанды. 

Айта кетейік, қазақстандық боксшы Айбек Оралбай турнирдің 1/4 финалында Домингеспен күш сынасып, есе жіберген болатын.