Күрес

Қазақ балуаны үш дүркін әлем чемпионына есе жіберді

Қазақ балуаны атақты АҚШ балуанынан айласын асыра алмады

Еркін күрестен 97 кг дейінгі салмақ дәрежесінде Париж Олимпиадасының бәсекелері басталды. Бұл туралы Dopmedia.kz хабарлайды.

97 кг дейінгі салмақ дәрежесінде АҚШ балуаны Кайл Снайдер Қытай атынан сынға түскен этникалық қазақ Хабила Авусайманмен белдесті. Нәтижесінде америкалық балуан 9:5 есебімен жеңіске жетті.

Кайл Снайдер 2016 жылы Риодта өткен Олимпиада ойындарында чемпион атанса, 2021 жылы Токиода өткен Олимпиадада күміс еншіледі. Сондай-ақ АҚШ балуаны үш дүркін әлем чемпионы (2015, 2017, 2022) болған.