Ел қоржынына күміс салған спортшының анасына үй берілді
Демеу Жадыраевтың анасы үйлі болды
Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері, қазақстандық дзюдошы Демеу Жадыраевтың анасына Жетісу облысының әкімі үй сыйлады,-деп хабарлайды Dopmedia.kz тілшісі.
Ал Демеу Жадыраевқа «Жетісу облысының Құрметті азаматы» төсбелгісін тағылды.
Сонымен қатар, дзюдошының алғашқы бапкері Жұмахан Тұрғамбеков пен жеке бапкері Боранбек Қоңыратовқа қаржылай сыйақы берілді.