Қызыл қағаз, нәтижесіз ойын: "Астана" мен "Елімай" матчы қалай өтті?
"Астана" мен "Елімай" арасындағы матчта гол соғылмады
Лига кубогы турнирі аясында қос елордалық ұжым – "Астана" мен "Елімай" клубтары бірінші кездесуін өткізді, деп Dopmedia.kz хабарлайды.
Семейлік "Елімай" командасы "Астана" футбол клубын жеңуге жақын болды, бірақ "Астана" командасын қақпашы Мұхамеджан Сейсеннің шеберлігі құтқарып қалды.
Алексей Яшин алаңнан қуылғаннан кейін, астаналықтар жеңісті жұлып алуға да мүмкіндік алды.
Бірақ, ойын 0:0 есебімен аяқталды. Бұл жұптың жеңімпазы екінші матчта анықталатын болады.
Айта кетейік, "Астана" футбол клубы УЕФА Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңінде "Корвинул" командасына қарсы жауапты матч алдында өз күшін сақтап қалу мақсатында Лига кубогының жартылай финалының алғашқы ойынына алаңға қосалқы құрамдағы ойыншыларды шығарды.