Үш дүркін әлем чемпионы болғым келеді – Назым Қызайбай
Назым Қызайбай елге оралды
Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай Meta-ratings.kz-ке берген сұқбатында әлемнің үш дүркін чемпионы болу мақсатын алға қойғанын айтты, деп Dopmedia.kz хабарлайды.
Еске салайық, бүгін, 12 тамызда таңертең Назым Қызайбай елге оралды. Назым Қызайбай 51 кг салмақ дәрежесінде 2014 және 2016 жылдары әлем чемпионы атанған. Енді ол бұл жетістігін тағы бір рет қайталап, тарихқа өз есімін алтын әріппен жазуды көздеп отыр.