Ерлер

Франциялық ойыншы "Астана" клубынан кетті

Фабьен Урега "Астана" клубымен қош айтысты

«Астана» клубы француз шабуылшысы Фабьен Уреганың командадан кеткенін ресми түрде жариялады, деп Dopmedia.kz хабарлайды.

Клубтың хабарлауынша, футболшы мен клуб екі жақты келісім бойынша қош айтысқан.

Фабьен Урега «Астана» сапында 50 матч өткізіп, 1 гол соғып, 8 нәтижелі пас берген. Бұған дейін француз футболшысы литвалық «Жальгирис», бельгиялық «Виртон» және бірнеше француз клубтарында өнер көрсеткен.