Ерлер

Қазақстандық футболшы испаниялық клубқа ауысты

Данил Анкудинов испаниялық клубқа ауысты

Қазақстан жастар құрамасының шабуылшысы Данил Анкудинов Испанияның үшінші дивизионында ойнайтын «Менсахера» клубымен келісімшартқа қол қойды, деп Dopmedia.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Келісімшарттың мерзімі әлі жарияланған жоқ. Анкудинов «Менсахера» клубымен келісімшартқа бір апталық сынақтан өткеннен кейін қол қояды.

Бұған дейін Анкудинов Мәскеудің «Родина-2», Молдованың «Шериф», Арменияның «Ван», Литваның «Джюгас» және Беларусьтің «Днепр» клубтарында өнер көрсеткен. 21 жастағы футболшы екі мәрте Молдова кубогын және екі мәрте Молдова чемпионатын жеңіп алған. Анкудинов Қазақстан U-21 құрамасы сапында үш матч өткізген.