Ерлер

Әлемнің үздік бапкері анықталды: ол биыл Чемпиондар лигасын жеңбеген

ESPN әлемнің үздік бапкерін анықтады

ESPN әлемдік футболдағы ең үздік жаттықтырушылардың ондығын жариялады, деп Dopmedia.kz хабарлайды.

Тізімнің көшін «Манчестер Сити» клубының испаниялық жаттықтырушысы Хосеп Гвардиола бастады. Одан кейін екінші орынды мадридтік «Реалдың» италиялық бапкері Карло Анчелотти иеленді. Үздік үштікті жақында «Ливерпуль» клубынан кеткен неміс маманы Юрген Клопп түйіндеді.

Айта кетерлігі, Анчелотти өткен маусымда Испания чемпионаты мен Чемпиондар Лигасын жеңіп алса, Гвардиола тек ұлттық чемпионатта ғана топ жарды.

Төртінші орынға «Арсеналдың» жаттықтырушысы Микель Артета ие болды, ал бесінші орынды «Байер» клубының бапкері Хаби Алонсо еншіледі. Алты және жетінші орындарға сәйкесінше «ПСЖ» клубының жаттықтырушысы Луис Энрике мен «Интер Миланның» бапкері Симоне Индзаги жайғасты. Тізімді «Аталанта» клубының бас бапкері Джан Пьеро Гасперини, жұмыссыз жүрген Маурисио Почеттино және «Атлетик Бильбаоның» бапкері Эрнесто Вальверде аяқтайды.