Жаңалықтар

Олимпиада ойындарындағы ең үздік 15 оқиға

Олимпиада- бұл тек алтынның артынан жүгіру емес екенін дәлелдейтін 15 оқиға

Биылғы Париж Олимпиадасында қандай қызықты оқиғалар орын алды? Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі MeduzaProject дереккөзіне сілтеме жасап хабарлайды. 

  • Латвиялық диск лақтырушы Миколас Алекна 20 жыл бұрынғы рекордты жаңартты. Бұл адам біздің топтаманың ішіне кірмес еді. Алайда, 2004 жылғы Олимпиада ойындарында ең алғашқы рекордты Миколастың туған әкесі  Виргилия Алекна орнатқан болатын.
  • Париж Олимпиадасы аясында баскетбол турнирінде Франция және Жапония құрамалары кездесті. Екі елдің команда сапында Олимпиададағы бойы ең ұзын және ең қысқа екі спортшы бақ сынасты.  Француздық ойыншы мен жапондықтың бой айырмашылығы- 56 сантиметр. 
  • Стефан Ландуа есімді шабандоз ат жарыс кезінде топтық сынға қатысып, күміс жүлде иегері атанды.  Ол жарысқа өзінің қайтыс болып кеткен құрбысы Таис Мехесттың атымен шықты. Таис оқыс жағдайдан қаза тапты. Оның өміріндегі ең басты арманы- Олимпиадаға қатысу болатын.
  • Сырықпен секіруші Эрнест Джон Обьен жарысқа өзінің бапкерінің суреті бейнелеңген шұлықты киіп шыққан. Соған қарағанда, бұл шұлықтар оның жеңіске жетуіне көмегін тигізетін сияқты.
  • Филиппиндық спортшы Карлос Юло 12 жасында Олимпиаданың алтын жүлде иегері атанатынын айтқан еді. Енді, міне Юло өзінің 24 жасында Олимпиаданың екі дүркін алтын медаль иегері атанды. Бір қызығы филлипиндықтар оның бұл жеңісі үшін өмір бойына жететін ірімшік қосылған макарон өнімдері мен кез-келген смартфонға келетін қап берілді.
  • Адель өзінің Мюнхенде өткізген концертын бір мезетте тоқтатып, Олимпиада ойындарындағы әйелдер арасында 100 метрге дейін жүгіру турнирін тікелей эфирден тамашалады.
  • Олимпиада ойындары тек жер шарында емес, космос үшін де маңызды бола бастады. Халықаралық космос станциясы төртжылдықтың дүбірлі додасындағы кейбір спорт түрлері әуе кеңістігінде қалай көрінетінін бейнежазбаға түсірді.
  • Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында америкалық жеңіл атлетшы Чари Хокинс өзінің әлеуметтік желісінде баскетбол ұлттық құрамасының әйгілі спортшысы Леброн Джеймспен түскен суретімен бөлісті. Дәл осы суретті Сара 22 жыл бұрын қайталаған еді.
  • Ерлер арасында 200 метрге дейін жүгіру турнирінде Олимпиада чемпионы Летсиле Тебого өзінің аяқ киіміне анасының аты-жөні мен туған жылы жазып шықты. Тебогоның анасы 2024 жылдың басында өмірден озған еді. Осы себептен де атлет спорттық мансабын аяқтамақшы болған.
  • Селин Дион 28 жылдан кейін алғаш рет Олимпиада сахнасында өнер көрсетті. Соңғы рет әнші 1996 жылғы Атлантада өткен ойындарда ән шырқаған еді.
  • Бельгиялық шабандоз Лариса Паули мәреге жеткеннен кейін алақанын ашып, «Мен саған сөз бердім. Мен дегеніме жеттім» деген жазуы бар қолын көрсетті. Бұл жест оның 4 жыл бұрын қайтыс болып кеткен жарына арналған екен.
  • Олимпиада ойындарының ең алғашқы күндерінде скейтборшыларды тасыған автобус жолда сынып қалды. Автобуста отырған спортшылар скейтбордтарын шығарып алып, Париждің ішімен жүріп шықты.
  • Әлемнің ең үздік жұмысы да Олимпиададан табылды. Олар стадионның ішіндегі кішігірім құралдарды пултьтпен жұмыс істейтін кішкентай көліктер арқылы тасымалдап отырған.