Жаңалықтар

"Иесіне сай, астына тай": Жүлдесіз оралған боксшыға жылқы сыйлады

Мұхаммедсабыр Базарбайұлына жүйрік жануарды сыйға тартты

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының боксшысы Мұхаммедсабыр Базарбайұлы өзінің Instagram әлеуметтік желісінде өзіне сыйлаған жылқысымен түскен суретін бөлісті. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды. 

Спортшы Парижден елге оралып, құнды сыйлық иегері атанды.