Үлкен теннис

Қазақстандық теннисші керемет камбэк жасады

Михаил Кукушкин алғашқы айналымда жеңіске жетті

Қазақстандық тәжірибелі теннисші Михаил Кукушкин АҚШ-тың Кари қаласында өтіп жатқан Челленджер турнирін сәтті бастады, деп Dopmedia.kz хабарлайды.

Бірінші айналымда Кукушкин америкалық Купер Уильямспен кездесті.

Тартысты өткен матч нәтижесінде Кукушкин 5:7, 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Бұл жеңіс оған келесі кезеңге өтуге мүмкіндік берді.

Келесі қарсыласы – АТР рейтингінің 99-орнында тұрған ресейлік Аслан Карацев болмақ.