Футбол

«Сен бізге қажет емессің»: Зайнутдинов Түркиядан қуылуда

“Бешикташ” футбол клубының жанкүйерлері Twitter әлеуметтік желісінде қазақстандық жартылай қорғаушы Бахтиер Зайнутдиновтың тарапына наразылықтарын білдіруде,-деп хабарлайды dopmedia.kz

Ресейлік “Зенит” Зайнутдиновқа ұсыныс жасаған болатын. Алайда, ойыншы бұл ұсыныстан бас тартып, болашағын “Бешикташ” сапында немесе өзге еуропалық клубтың қатарында жалғастырғысы келеді. 

«Әзірбайжанға бар, кейін қалаған жеріңе кет. Қазақстанға қайт, “Астана” үшін ойна» 

«Ресейге барғысы келмесе, Беларуське жіберіңдер»

«Түркиядан қарағанда Сауд Арабиясына ауысудың мәні басымырақ болар еді»

«Егер қалатын болсаң, футболды дұрыстап ойна. Ойнамайды екенсің, қайырымдылық жасап жүрмін деп санай бер»

«Болмаса Украинаға жіберейік»

«Ресейге оралғың келмесе, Қазақстанға орал»

«Саған құртқан ақша ауаға кетті дей бер»,- деп пікір қалдыруда түрік жанкүйерлер.