Күрес

Дүниежүзілік Көшпенділер Ойындарында белдесетін балуандар белгілі болды

Жыл басынан бері ұлттық құрама спортшыларының қатысуымен 4 оқу-жаттығу жиыны өтті

Қазіргі уақытта кезекті оқу-жаттығу жиыны 1-14 тамыз аралығында Ақмола облысының Щучье қаласында өтуде,-деп хабарлайды Dopmedia.kz тілшісі. 

Қорытындысында, 5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарына келесі балуандар іріктелді:

Ерлер – Төлепов Бекжан (55 кг, Жетісу обл.), Берекетов Мейіржан (60 кг, СҚО), Тұқышев Дидар (66 кг, Абай обл.), Қожамбеков Жұмажан (74 кг, Шымкент қ.), Сейітқазынов Ерсін (82 кг, Абай обл.), Жанатаев Ерасыл (90 кг, Алматы қ.), Мұзаппаров Ерсұлтан (100 кг, Шымкент қ.), Жарылғапов Нұрдәулет (+100 кг, Маңғыстау обл.).

Әйелдер – Жылқыбаева Айжан (48 кг, Түркістан обл.), Азаматова Назерке (52 кг, Ақтөбе обл.), Нұрмахамметова Рауза (56 кг, Жамбыл обл.), Құсақбаева Бақыт (60 кг, Ақтөбе обл.), Сарипова Зарина (65 кг, Абай обл.), Нысантайқызы Роза (70 кг, Абай обл.), Файзолланова Зәмзәгүл (77 кг, Шымкент қ.), Бахиева Альбина (+77 кг, Шымкент қ.).

Бас бапкердің сөзіне қарағанда 5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарында іріктеліп, 16 салмақ дәрежесінде ел намысын қорғайтын балуандардың 50 пайыздан астамы жеңістің бірінші сатысынан көруі әбден мүмкін.