Ерлер

Аты-жөні 45 әріптен тұрады: "Динамоға" ерекше футболшы ауысты

Ирандық ойыншы "Динамо" қатарын толықтырды

Махачкала қаласының «Динамо» футбол клубы РПЛ-дағы маусымға ирандық жартылай қорғаушы Мохаммаджавад Хоссейннеджадты тіркеді, деп Dopmedia.kz хабарлайды.

21 жастағы футболшының трансфері 9 тамыз күні жарияланды, ал Transfermarkt сайтының мәліметі бойынша, трансфер сомасы 900 мың еуроға бағаланған.

Хоссейннеджад Махачкала командасында 10-нөмірмен өнер көрсетеді. РПЛ-дың ресми сайтында футболшының толық аты-жөні – Хоссейннеджадмахаленколай Мохаммаджавад Рамезан деп көрсетілген. Алайда, оның ойын жейдесіне қысқаша түрде «Джавад» есімі жазылады.