«Қазақстан мен Өзбекстанды тек бір жақты салыстыруға болмайды» – Ермахан Ибраимов
Олимпиаданың екі дүркін жүлдегері қазіргі қазақ боксына қатысты ойымен бөлісті
Олимпиада-1996 ойындарының қола жүлдегері, Сидней-2000 Олимпиадасы чемпионы қазақстандық боксшы Ермахан Ибраимов Өзбекстан мен Қазақстан елдерін салыстырды. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.
Айта кетейік, бокстан Өзбекстан құрамасы Олимпиада ойындарында 5 алтын медаль жеңіп алды. Ал, Қазақстан құрамасы тек бір күміспен елге оралды.