Ерлер

"Ордабасы" ойыншылары маңызды матч қарсаңында жалақыларын алды ма?

Шымкенттік клубтың ойыншылары жалақыларын алды ма?

Шымкенттік «Ордабасы» футбол клубының ойыншылары УЕФА Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі «Пюникке» қарсы жауапты матч алдында шілде айының жалақыларын алды, деп Dopmedia.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Жалақы төлемі 13 тамыз күні түссе, сол күні команда сағат 15:00-де Шымкенттен Ереванға тікелей чартерлік рейс арқылы ұшып кетті.

Еске салайық, алғашқы кездесуде шымкенттік команда Алматының Орталық стадионында өткен матчта «Пюникке» 0:1 есебімен жеңілген болатын. Жауапты ойын ертең, 15 тамыз күні Еревандағы Вазген Саркисян атындағы Республикалық стадионда өтеді.