Ерлер

АПЛ-дың үздік ойыншысы болып кім атанады: тізімде кіл мықтылар топтасқан

Тізімде кіл мықтылар топтасқан

Кәсіпқой футбол қауымдастығы (PFA) ағылшын футболының жылдың үздік ойыншысы жүлдесіне алты үміткер анықталды, деп Dopmedia.kz хабарлайды.

Жүлдеге «Манчестер Ситидің» үш бірдей ойыншысы: Эрлинг Холанд, Родри және Фил Фоден, сондай-ақ Мартин Эдегор («Арсенал»), Коул Палмер («Челси») және Олли Уоткинс («Астон Вилла») талас жүргізеді.

Жеңімпаз Англия футболшылар одағының мүшелерінің дауыс беру нәтижесі бойынша белгілі болады.

Дауыс беру нәтижесі 20 тамызда өтетін салтанатты шарада жарияланады.

Айта кетейік, 2022/23 маусымының соңында жүлде Эрлинг Холандқа бұйырған еді.