Қазақстан құрамасының көшбасшысы Олимпиададан кейін шетелдік клубқа ауысты
Велошабандоз Алексей Луценко "Астана" сапынан кетті
Қазақстандық велошабандоз Алексей Луценко проконтинентальды Israel-Premier Tech командасымен 2026 жылдың соңына дейін екі жылдық келісімшартқа қол қойды, деп Dopmedia.kz Қазақстан велоспорт федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Луценко 2013 жылдан бері Astana командасында өнер көрсетіп, 43 рет жеңіске жетті. Оның жетістіктері қатарында Тур де Франс пен Вуэльта Испания кезеңдеріндегі жеңістер, Оман турының екі дүркін жеңімпазы, Алматы турының үш мәрте чемпионы, Гуанчжоудағы Азия ойындарының жеңімпазы, сондай-ақ Түркия туры, Сицилия Джиро, Абруццо Джиро, Норвегияның Арктикалық жарысы және Хайнань турындағы жеңістері бар.
Алексей Луценко жаңа командаға ауысу себебін түсіндіріп, алға қойған мақсаттары туралы айтты: