Футбол

«Ман-Ситидың» танымал ойыншысы әйелі мен қызын тастап, екінші рет үйленді

Англиялық клубтың орталық қорғаушысы екінші рет отау құрды

"Манчестер Сити" футбол клубының ойыншысы Джон Стоунс 12 жыл бойы отауласқан жары мен баласын тастап, басқа әйелге үйленді,-деп хабарлайды Dopmedia.kz 

Ойыншы Оливия Нейлор есімді кәсіпкер әйелмен некелесті. 

Стоунс өзінің бірінші әйелімен мектеп кезінен бері таныс болған. Оның есімі- Милли Сэвидж. Сэвидж пен Стоунс азаматтық некеде болса да, жары әрдайым маңызды ойындарда трибуналарда көрініп, жұбайын қолдайтын. 

Айта кетейік, Миллимен айырылысқан сәтінде Оливияның аяғы ауыр болған екен.