Қазақстандық теннисші Олимпиададан кейін әлемдік рейтингте көтерілді
Халықаралық үстел теннисі федерациясы жаңартылған рейтингін ұсынды
Қазақстанның үстел теннисі командасының көшбасшысы Кирилл Герасименко Парижде өткен Олимпиада ойындарынан кейін әлемдік рейтингте өз позициясын жақсартты, деп Dopmedia.kz хабарлайды.
Спортшы Олимпиадада 1/8 финалға дейін жетіп, тоғызыншы орынға ие болды.
Олимпиада нәтижелерінен кейін Герасименко әлемдік рейтингте 46-орыннан 37-орынға көтерілді.