Бокс

Олимпиададағы сәтсіздік: Айтжанов бастаған 10 бапкер қызметінен босатылды

Бокстан Қазақстан құрамасының бапкерлері жұмыстарынан кетті

Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов Париж Олимпиадасындағы сәтсіздігінен кейін қызметінен босатылды, деп Dopmedia.kz Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Айта кетейік, бокстан Қазақстанның ерлер құрамасы сапынан Париж Олимпиадасына 7 боксшы барып, тек Нұрбек Оралбай ғана күміс медаль еншілеген болатын.