Жаңалықтар

Паралимпиада-2024: Еліміздің көк байрағын кім көтеріп шығады?

Қазақстан құрамасын әлемдік додада таныстыратын спортшы белгілі болды

Париж төрінде Паралимпиада-2024 ойындарының ашылу салтанатында еліміздің көк байрғағын Севда Алиева ұстап шығады. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.

Севда Алиева- 10 метрге дейін пневматикалық пистолетпен оқ атудан сайысқа түседі. Сонымен қатар, ол пара би билеуден 2023 жылғы әлем чемпионы және оқ атудан 2024 жылғы Қазақстан чемпионы. 

Айта кетейік, Паралимпиада ойындары 28 тамыз бен 8 қыркүйек арасында өтеді.