Асфальт төсемейтінін білдім, жолды түзеп өтсе де шүкір дегем – Назым Қызайбай
Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбаймен эксклюзив сұқбат
Париж Олимпиадасының қола жүлдегері боксшы Назым Қызайбайдың шаршы алаңдағы әр жекпе-жегі жанкүйерлердің назарында болды. Ол қуанса, елі бірге қуанды. Ол көзіне жас алса, елі бірге еңіреді, демеді. Қола медаль еншілеген алтын қыз Назым Қызайбаймен сұқбаттасудың сәті түсіп, Dopmedia.kz тілшісі көпшіліктің көкейінде жүрген сұрақтарды қойды.
Бокстан әйелдер арасындағы 50 кг салмақ дәрежесінде жүлдегер атанған спортшыларды марапаттау рәсіміне атақты қазақстандық боксшы Геннадий Головкин қатысты. Әлеуметтік желіде Назым Қызайбайдың GGG-ге қарап жылы жымиып қарап тұрған суреті де тараған болатын. Назым Қызайбай бұл сәтте ерекше сезімге бөленіп тұрғанын айтты.
Сонымен қатар қазіргі уақытта әлеуметтік желіде Назым Қызайбай мен Әбиба Әбужақынованың достығы ерекше талқыланып жатыр. Тіпті қос спортшы жақында Алматыда қалада кездескені туралы бейнені Әбиба Әбужақынова әлеуметтік желідегі парақшасына жариялаған еді.
Назым Қызайбайдың әкесі Абай Қызайбай БАҚ өкілдеріне берген сұқбатында: «Қызымыздың енді отбасылық өмірге де көңіл бөлгенін қалаймыз», – деген болатын. Осы орайда боксшы Назым Қызайбайдың жоспарлары туралы сұрадық.
Сонымен қатар Париж Олимпиадасында боксшыларымыз әр жеңілісінен кейін спортшыларға «неге әлеуметтік желіде отырады, телефондарын алып қою керек» деген секілді сындар айтылды. Түрлі бағыттан айтылған осындай сын-пікірлерге Назым Қызайбай жауап берді.
Назым Қызайбай келесі Олимпиада ойындарына қатысуға ниетті екенін, сондай-ақ үшінші мәрте әлем чемпионы атанғысы келетінін айтты.
Сұқбаттың соңында Назым Қызайбайға үйінің алдына асфальт төселді ме деп әзіл аралас сауал қойған болатынбыз.