Рио-2016 Олимпиадасының чемпионы рингке оралады Courtesy Photo

Данияр Елеусіновтың келесі жекпе-жегі белгілі болды

Рио-2016 Олимпиадасының чемпионы, қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов шаршы алаңға оралатынын мәлімдеді. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды. 

Жекпе-жек 28 қыркүйек күні Алматы қаласында өтеді. Алайда, қарсыласының аты-жөні құпия қалуда.

Бұл шарада тағы бір қазақстандық боксшы- Жанқош Тұраров та күш сынасады. 

Айта кетейік, Елеусінов- ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, жазғы Азия ойындарының екі дүркін жеңімпазы және Әлем чемпионы (2013). Сонымен қатар, Рио-2016 Олимпиадасының алтын жүлде иегері.