Қазақстандық теннисші АҚШ-тағы турнирде сенсация жасады kazsports.kz. Суретте: теннисші Юлия Путинцева

Юлия Путинцева екінші кездесуінде жеңіске жетті

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева (WTA рейтингісінде 33-орын) Цинциннати (АҚШ) қаласында өтіп жатқан турнирдің екінші айналымында әлемнің екінші ракеткасы америкалық Кори Гауффпен кездесті, деп Dopmedia.kz хабарлайды.

Путинцева сенсациялық жеңіске жетіп, Гауффты үш сетте – 6:4, 2:6, 6:4 есебімен тізе бүктіріп, келесі кезеңге шықты. Енді 1/8 финалда ол испаниялық теннисші Паула Бадосамен (WTA рейтингісінде 37-орын) кездеседі.

Цинциннати турнирінің биылғы жылғы жүлде қоры – 3 211 715 АҚШ доллары. Турнир жеңімпазы 523 485 доллар және 1000 рейтингтік ұпайға ие болады.

Айта кету керек, Кори Гауфф бұл турнирдің былтырғы жеңімпазы.