«Он екі жасымда анамның жүрегі тоқтап қалды»: Әліп алғаш рет ашық сұқбат берді Фото: Валентина Певцова / ТАСС)

Қазақстандық қорғаушы «Зенит» подкастына өз өмірі жайлы айтып берді

Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы, «Зенит» футбол клубының ойыншысы Нұралы Әліп өз командасының YouTube арнасына сұқбат берді. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды. 

«Әкем мені 8 жасымда еркін күреске берді. Кейін, үйіміздің жанындағы аулада достарыммен доп теуіп жүргенімді көрді. Әкем менің футболға деген құштарлығымды көріп, еркін күрестен алып, футбол секциясына берді. Сосын әкем қайтыс болды. Он екі жасымда анамның жүрегі тоқтап қалды. Бірақ, мен футболмен айналысуды жалғастырдым. Негізі, футбол- бүкіл қиындықтардан шыдамдылықпен өтуіме көп көмегін тигізді. Футбол арқылы мінезім қалыптасты»,-деді Әліп. 
 

Айта кетейік, Нұралы Әліп 2022 жылы отбасы құрды. Қазір кішкентай қызы бар.