Назым Қызайбайдың үйінің алдына асфальт төселді ме? (видео) olympic.kz. Суретте: боксшы Назым Қызайбай

Назым Қызайбай асфальтқа қатысты сауалға жауап берді

Париж Олимпиадасының қола жүлдегері боксшы Назым Қызайбай сайтымыздың тілшісіне берген сұқбатында көпшілік арасында талқыланып жүрген сауалға жауап берді. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.

Журналистің асфальтқа қатысты әзіл аралас сұрағына боксшы Назым Қызайбай тіл қатты.

«Үйге бардым, асфальт төселмеген. Асфальт төсемейтінін білдім, содан кейін жолды түзетіп өтсе де шүкір дегем (күлді).

Менің үйім орналасқан жақта әлі де болсын құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Мүмкін осы жұмыстар аяқталған соң, жолды жөндейтін шығар», – деді боксшы Назым Қызайбай.

Айта кетейік, боксшы Назым Қызайбай Dopmedia.kz тілшісіне көлемді сұқбат беріп, бокстағы қиындықтар, Олимпиададағы жеңісі, жеке өмірі турасында жан-жақты айтты.