Футбол

Қазақстан Премьер-лигасында ең көп жанкүйер жинаған клуб қайсы?

Премьер-лиганың алғашқы айналымының ең көп жанкүйер жинаған клубы- “Ақтөбе” екені анықталды,-деп хабарлайды dopmedia.kz

Жалпы Премьер-лиганың 78 ойынына көрермен ретінде  331 354 адам қатысып, жуық шамамен бір ойынның көрермен саны- 4 248 адамды құрайды. 

ҚПЛ-де ең көп көрермен жинаған ойын (22 804 адам) алматылық «Қайрат» пен «Ақтөбе» футбол клубтарының ойыны болды. Ең аз көрермен жинаған ойын “Жеңіс” - “Тұран” және “Жеңіс”- “Атырау”  (100 адамнан) командаларының арасында өтті. 

Жиналған көрермен саны: 

1. «Ақтөбе» — 99 429 адам (орта шамамен — 8 286 зрителей);

2. «Ордабасы» — 86 072 (7 173);

3. «Қайрат» — 83 156 (6 930);

4. «Шахтёр» — 55 309 (4 609);

5. «Тобол» — 53 173 (4 431);

6. «Елимай» — 48 575 (4 048);

7. «Жетісу» — 46 457 (3 871);

8. «Қызылжар» — 45 847 (3 821);

9. «Атырау» — 39 189 (3 266);

10. «Астана» — 37 601 (3 133);

11. «Қайсар» — 35 882 (2 990);

12. «Жеңіс» — 17 943 (1 495);

13. «Тұран» — 14 075 (1 173).