Футбол

Роналду футболдан кетіп, мансабын аяқтай ма?

Криштиану Роналдуның мансабына қатысты жаңа деректер пайда болды

Португалия ұлттық құрамасы мен «Аль-Наср» футбол клубының шабуылшысы Криштиану Роналду өз мансабын аяқтау ықтималдығы бар. Бұл пікірмен Рио Фердинанд бөлісті,-деп хабарлайды Dopmedia.kz тілшісі.

Айта кетейік, 39-жасар Роналду 2003 жылдан бері Португалия ұлттық құрамасы үшін 212 ойын өткізіп, 130 гол соққан болатын.