"Ордабасындағы" өзгеріс: бас бапкер орнынан кетті
Александр Седнев шымкенттік клубтың басшылығынан кетті.
Шымкенттік «Ордабасы» футбол клубы Еурокубоктағы жолын аяқтады. Қазақстандық команда армениялық «Пюникке» 2:0 есебімен есе жіберіп, жеңіліс тапты. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.
Осы орайда, команданың бас бапкері Александр Седнев лауазымды орнынан кететінін мәлімдеді.
Айта кетейік, былтыр «Ордабасы» Седневтің жетекшілігімен Қазақстан чемпионы атанған болатын.