Бокс

ІВА бокстан әлем чемпионаты Қазақстанда өтетінін мәлімдеп, артынша ақпаратты өшіріп тастады

2025 жылы бокстан әлем чемпионаты Қазақстанда өте ме?

Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) бокстан ерлер арасындағы әлем чемпионаты 2025 жылы Қазақстанда өтетінін жариялап, артынша ақпаратты алып тастады. Бұл туралы Dopmedia.kz хабарлайды.

Кеше, 16 тамызда IBA ұйымының ресми сайтында әйелдер арасындағы әлем біріншілігі 2025 жылы наурыз айында Белградта (Сербия), ал ерлер арасындағы әлем чемпионаты 2025 жылы мамыр айында Астана (Қазақстан) қаласында өтетінін мәлімдеді. 

Кейіннен бұл хабар IBA ұйымының ресми сайтынан өшіріліп, оның орнына әйелдер арасындағы әлем чемпионаты 2025 жылы Сербияда өтетіні жөнінде мәлімет жарияланды. Ал ерлер арасындағы әлем чемпионатын келесі жылдың мамыр айында ұйымдастыруға бірқатар ел өтінім бергені, сондай-ақ бұл мәселе жыл соңына дейін нақтыланатыны жазылған.